Тулебаева Мария Ултанкулқызы
Тулебаева Мария Ултанкулқызы Бастауыш сынып мұғалімі.
Тулебаева Мария Ултанкулқызы 2018 жылы 18.04. №17 хаттама шешімімен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім дәрежесін алды.
2014 жылдан бастап №106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып, жұмыс атқарып келеді.Жұмыс барысында Тулебаева Мария белсенділігінің арқасында көптеген мақтау қағаздарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
«Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбында өткізілген қалалық тамыз педагогикалық оқуында құнды баяндама жасап,өз тәжірбиесін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін Білім бөлімі басшысының мақтау қағазымен марапатталды.
2018 жылы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен қалалық тамыз педагогикалық оқуында құнды баяндама жасап, өз тәжірибесін жоғары деңгейде көрсеткені үшін Шымкент қаласының білім басқарма басшысының мақтау қағазымен марапатталды.
2010 жылы Бастауыш сынып оқушылары арасында еліміздің оқу жүйесін жаңаша дамытуда дарынды оқушыларды нөлдік олимпиада арқылы анықтаудан жоғары көрсеткіші үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
№106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беру мектебінің 2010 жылғы 23 шілдедегі №2 шешімімен бастауыш сынып пәні мұғалімі лауазымы бойынша «Педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Белсенді әрі еңбекқор Мария апайымыздың көптеген білімді шығармашыл шәкірттерді тәрбиелейтініне сеніміміз мол.