Шымкент қаласының білім басқармасының
«№106 "Қайнарбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(747) 980-34-13
Ұялы телефон:
+7(707) 532-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №106 "Қайнарбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Абзал Абданбекұлы Тағаев
12
июнь
2021
0

№106 "Қайнарбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Абзал Абданбекұлы Тағаев

Абзал Абданбекұлы Тағаев 2005жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітіріп ,екінші мамандығы тарих пәні бойынша 2013 жылы ОҚМП  институтын бітірді.               

Қызмет жолын 2005жылы Шымкент қаласы №59 жалпы орта мектепте  пәні мұғалімі болып бастады.     

2008-2011 жылдар аралығында №83 жалпы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарды .

2011 жылы ақпан айында №106"Қайнарбұлақ"жалпы орта мектебіне директор болып тағайындалды.Шығармашылық ізденісіне ,өзінің дамуына ерекше назар аударатын ұстаздың еңбек жолындағы қол жеткізген жетістіктері:         

 2013 жылы Облыстық білім басқармасынан "Болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде белсенділік танытқаны " үшін марапатталды.

2013 жылы Сайрам аудандық білім беру бөлімі"Мұғалімнің ізденісі мен білімі- білім сапасының     кепілі"тақырыбы бойынша өткен мұғалімдердің аудандық педагогикалық оқуында белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

2013 мектеп оқушылары арасында "Тарихқа толы мәдени өлке-Оңтүстік"аудандық фестивалін өткізудегі жоғары ұйымдастырушылық қабілеті үшін марапатталды.

2013жылы Аудандық стол теннисі жарысында оқушылары I орын алғаны    үшін марапатталады. 

2013 жылы Аудандық кір тасын көтеру  жарысында I   орын алғаны үшін марапатталды.

2013 жылы Ауданның білім саласында өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында көп жылғы еңбегі үшін  марапатталды.

2016 жылы Педагогикалық шеберлік орталығымен сертификат берілді.

2016 жылы Ақсукент ауыл округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е.Тулебаевтан алғыс хат алды.            

2016 жылы Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры С.Есболовтан алғыс хат алды.

2016 жылы Қаратау ауданы әкімі Ғ.Исмаиловтан алғыс хат алды.

2017 жылы Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры  С.Есболовтан алғыс хат алды.

2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры сыйлығының білім порталы ұйымдастырған мектеп оқушыларын шығармашылық жұмысқа  баулу мақсатында  өткізілген Республикалық "Алтын күз" байқауына қатысуда шәкірттері белсенділік танытып ,жүлдерег қатарынан көрінгені үшін "Үздік ұжым "номинациясымен №106"Қайнарбұлақ" орта мектебі марапатталады.

2018 жылы  Қалалық бөлім басшысы Ж.А.Тажиевадан алғыс хат алды.

2020 жылы Министр А.Аймағамбетовтан құрмет грамотасы “Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі” үшін берілді.   

"Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға"деп Абай айтқандай , Абзал Абданбекұлының атқарып отырған оқу-тәрбие ісінде көптеген жетістіктері алда.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив